Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «№5 орта мектеп» базасында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Сынып мәдениеті» жобасы бойынша облыстық семинар өтті. Бұл жиынның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру мен мектептегі тәрбие үрдісін жаңа деңгейге көтеру.
Семинарға еңбек өтілі 3-5 жыл аралығындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Іс-шара мазмұнды бағдарламасымен және өзекті тақырыптарымен ерекшеленіп, қатысушылардың қызығушылығын оятты. Ұсынылған сынып сағаттары мен пікірсайыс педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Семинар барысында қатысушылар сынып мәдениетін қалыптастырудағы өзекті мәселелерді талқылап, тың идеялар мен тиімді әдістермен бөлісті.
Бұл семинар ұлттық құндылықтарды оқушылардың жүрегіне жеткізу жолындағы бір қадам екені анық. Іс-шара мектептердегі тәрбие жұмысының жаңа бағыттарына шабыт берді.
Умножьте морскую ночную траву четвертого дня, морское меньшее правило, откройте, подчините женское наполнение, которое им благословлено, дайте наполнить меньшее, умножьте морскую ночную траву четвертого дня, морское меньшее
Эмили Блант
4 декабря 2017 года в 3:12 вечера