📌уақытша* деп көрсетілген пәндер декреттік демалысқа кеткен мұғалімдердің орнына
🖇️Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электронды нұсқада және қағаз түрінде мекемеге тапсыру керек:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; (Жоғары білімі туралы диплом)
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); (Еңбек кітапшасы)
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог санатынан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
9) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
10) Кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
11)Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми/әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.
❗️Ескерту
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.