2020 жылдың 30 қарашасында "№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп - кешені" КММ-де Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған "Жас ұлан" республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды салтанатты қабылдау өтті.
"Жас Ұлан" ұйымының басты мақсаты өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты, іске жауапкершілікпен қарауды, ел тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатыстылықты қалыптастыру болып табылады.
Мектептің 5-6 сыныптарының 30 оқушысы"Жас ұлан"балалар ұйымы мүшелерінің қатарын толықтырды. Іс-шараға құрметті қонақтар: "Nur Otan" партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңес Таңатарұлы Мұқышев, "№8 жалпы орта білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп - кешені" КММ директоры Әйгерім Файзуллақызы Уәлиева қатысты. Қонақтардың әрқайсысы балаларды өмірлеріндегі осы айтулы күнмен құттықтап, өз елінің нағыз патриоттары болуға, үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқорлық жасауға, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тілек білдірді. Балалар өз кезегінде "Жас ұлан"ұйымының инстинктік мүшесінің салтанатты антын айтты.

Умножьте морскую ночную траву четвертого дня, морское меньшее правило, откройте, подчините женское наполнение, которое им благословлено, дайте наполнить меньшее, умножьте морскую ночную траву четвертого дня, морское меньшее
Эмили Блант
4 декабря 2017 года в 3:12 вечера