1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақ күні. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған."Береке бастауы-бірлік,ел іші-тату тірлік" қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Осы орайда мектебімізде ұлт пен ұлттың, халық пен халықтың достығын, ынтымағын насихаттау негізінде "Біз бір шаңырақ астындамыз" атты байқау өтті. Қазақ елінің сырттан келген өзге ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге,елін,жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Әр ұлттың билерін нақышына келтіріп,мың бұрала билеген бишілер тобы кештің сәнін кіргізе түсті. Қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздің барлық ұлт пен ұлыстарының бір шаңырақ астына топтаса білуінде, елімізде тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, әдебиетін, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеу, бүгінгіміз бен келешегімізді жалғайтын жас ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі екендігін атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша байқауға 5 - 6 сынып оқушылары, 12 ұлт қатысты. Бас жүлдеге 6 "Б" сынып ҚЫРҒЫЗ ұлты ие болды ,ал жүлделі І - орынды 5 "Ә" сынып ҰЙҒЫР ұлтына бұйырды . 5 ұлт атап айтқанда КҮРТ, НЕМІС, АЗЕРБАЙЖАН, ӨЗБЕК, ШЕШЕН ұлттары иеленді ал, ІІІ - орынды ҚАЗАҚ, ОРЫС, ТҮРІК, КОРЕЙ, УКРАЙН ұлтары ие болды. Байқауға қатысқан сыныптар мадақтамалар табысталды.
Умножьте морскую ночную траву четвертого дня, морское меньшее правило, откройте, подчините женское наполнение, которое им благословлено, дайте наполнить меньшее, умножьте морскую ночную траву четвертого дня, морское меньшее
Эмили Блант
4 декабря 2017 года в 3:12 вечера