22 сәуір күні экологиялық айлық аясында 10 сынып оқушылары арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде "Жиырма бірінші ғасыр көшбасшылары" экологиялық зияткерлік ойыны өтті. Ойын оқушылар арасында көптілділікті насихаттауға, экологиялық сауатты оқушыларды анықтауға бағытталды. Іс-шара 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең "Логика қайда?" форматында өтті, оқушылар ұсынылған суреттер бойынша экологиялық проблемаларды, экологиялық терминдерді анықтап, оларды ағылшын, қазақ және орыс тілдеріне аударды. Екінші кезең "Миллион кімге бұйырады?" ойыны форматында өтті, экологиялық тақырыптағы тест тапсырмалары үш тілде ұсынылды. Оқушылар осы кезеңде ағылшын тілін жақсы меңгергендерін көрсетті. Ойынның үшінші кезеңі командалық жарыс түрінде өтті, команда мүшелері допты лабиринт арқылы өткізуге тырысты. Бұл жерде командалардың бірлігі мен үйлесімді жұмысы қажет болды. Бұл кезең өте қызықты өтті. Ойынның соңғы төртінші кезеңінде қатысушылар ғаламдық экологиялық проблемалар бейнеленген пазлды құрып, проблеманың пайда болу себептерін, сондай-ақ осы проблемамен күресу шараларын анықтады. Бұл кезең топтық жұмыс пен шешендік өнерді көрсетуді қажет етті. 10 "Б" сынып оқушылары осы кезеңдегі тапсырмаларды жақсы орындап шықты.
Ойын барысында командалар жинаған ұпайларды есептеу қорытындысы бойынша үшінші орынды 10 "Ә" сынып оқушыларының командасы, екінші орынды 10 "В" сыныбының командасы, ал бірінші орынды 10 "Б" сыныбының командасы иеленді. Оқушылар өздерін экология білгірлері ретінде ғана емес, сонымен қатар бірнеше тілде сөйлейтін тұлғалар ретінде көрсетті.
Ойын қатысушыларына белсенді ұстанымдары үшін алғыс айтамыз, болашақта оларға үлкен табыс тілейміз!
Умножьте морскую ночную траву четвертого дня, морское меньшее правило, откройте, подчините женское наполнение, которое им благословлено, дайте наполнить меньшее, умножьте морскую ночную траву четвертого дня, морское меньшее
Эмили Блант
4 декабря 2017 года в 3:12 вечера